Шымкент қаласының тұрғындары үшін шағын хабарландыру. 9 сәуір, сенбі күні Қажымұқан атындағы орталық стадион маңында өтетін азық-түлік жәрмеңкесі болмайды.
Осындағы арзан бағада жүзеге асырылатын сауда бір аптаға тоқтатылды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
Оған себеп — ауқымды іс-шара өткізіледі. Ал қаланың өзге аймақтарындағы, атап айтқанда, «Рахима-Плаза» сауда орталығы мен металлургшілер саябағы жақтағы жексенбілік жәрмеңкелердің өту кестесінде өзгеріс жоқ.