Алдағы жексенбіде мал базарына сырғасы мен құжаты жоқ малды кіргізуге тыйым салынады. Бұл — ветеринарлардың қойған талабы. Таяуда мал дәрігерлері мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері базарға арнайы барып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Аптасына бір рет жұмысы жанданатын бұл базарда 400-дей жылқы, 500-ге жуық ірі қара және 1000-ға тарта ұсақ мал саудаланады. Сала мамандарының мәлімдеуінше, базарға төрт тұлік облысымыздың барлық ауданынан, тіпті ,көршілес облыстардан да жеткізіледі екен. Енді құлағында сырғасы мен құжаты жоқ малдарды саудалауға тыйым салынады.
Шымкент қаласы бойынша биылдың өзінде 20 мың ұсақ, 14 мың ірі қара малға сырға салынған. Қолда бар барлық төрт түлік сырғаланып, құжаттандырылса, мал ұрлығы азайып, тұрлі аурудың тарауына тосқауыл қойылады дейді жауаптылар. Енді сырға салынбаған малды базарға кіргізбеуге базар иелеріне де ескерту жасалды.
Жасыратыны жоқ, облыстағы барлық төрт түлікті толығымен сырғалау үшін біраз уақыт қажет. Себебі, өткен жылы республикадан сырға бөлінбей қалған. Есесіне биыл сол жұмыс жанданады дейді ветеринарлар.
Нұрлан Жаңабай