Туыс келінін ұрып өлтірген Сайрам тұрғыны ұсталды

463
Туыс келінін ұрып өлтірген Сайрам тұрғыны ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысында сұмдық кісі өлімі тіркелді. Егде жастағы кісі өзінің туысын ұрып өлтірген. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Алдымен 6 наурыз күні Сайрам ауданының полицейлеріне жергілікті тұрғын арызданып келіп, әйелінің жоғалып кеткенін айтқан. Ол азаматша өз үйінен шығып, қайтып оралмапты.

Араға бір аптадай уақыт салып, кезекші полиция қызметкеріне жергілікті тұрғындардан суыт хабар түседі. Қоңырау шалғандар Ақарыс ауылы маңындағы қоқыс тастайтын жерде бір адамның мәйіті жатқанын хабарлаған. Оқиға орнына келген жедел тергеу тобының мамандары жасы 40-45 шамасындағы әйелдің қинап өлтірілген белгісі бар денесін тауып, сот-сараптамасына жібереді.

Тексеру нәтижесінде марқұмның 1971 жылы туған Сайрам ауданының тұрғыны екенін анықтайды. Ол 6 наурыз күні арызданған кісінің жоғалған әйелі болып шыққан. Сот-медициналық сараптама марқұмның ауыр дене жарақаттары кесірінен көз жұмғанын анықтап берді.

Туыс келінін ұрып өлтірген Сайрам тұрғыны ұсталды

Бұл жағдай Сайрам аудандық ішкі істер басқармасының сотқа дейінгі бірыңғай тізілімінде кісі өлтіру бабы бойынша тіркеледі. Осыған байланысты іздестіруді бастаған шұғыл қызметкерлер араға көп уақыт салмай 1951 жылы туған жергілікті тұрғынды осы қылмысқа күдікті ретінде анықтады. Ұсталған кісі марқұмның туысы болып шыққан.

Туыс келінін ұрып өлтірген Сайрам тұрғыны ұсталды

Тергеу барысында күдікті өзінің әрекетін мойындады. Оның айтуынша, қанды оқиға туыстардың арасындағы жанжалдың кесірінен болыпты. Анық болғаны, сол күні күдікті азамат немере інісінің әйелін көлігіне отырғызып, ауыл сыртына алып шығады. Сол жерде ұрыс-керіс туындап, оның соңында марқұмды өлімші етіп сабап тастапты. Содан кейін әйелдің денесін қоқыстың арасына тастап, кетіп қалған.

Туыс келінін ұрып өлтірген Сайрам тұрғыны ұсталды

Қазір осы факті бойынша қылмысты кодекстің кісі өлтіруге қатысты 99-бабымен іс қозғалды. Күдікті қамауда жатыр. Полицейлер сотқа дейінгі тергеуді жалғастырып, қанды оқиғаны тексеруде.