Жұмыс жәрмеңкесінде 2000 бос орын ұсынылды

273
Жұмыс жәрмеңкесінде 2000 бос орын ұсынылды

Шымкентте бос орындар жәрмеңкесі өтті. Қалалық жұмыспен қамту орталығы мұрындық болған іс-шара орталық саябақта ұйымдастырылды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты жазады.

Онда қалалық онға жуық кәсіпорын 2000-нан астам бос жұмыс орнын ұсынды. Бұдан бөлек мемлекеттік «Серпін» бағдарламасы шеңберінде еліміздің солтүстік облыстарынан 665 орын ұсынылды.

Жұмыс жәрмеңкесінде 2000 бос орын ұсынылды

Жәрмеңкеге облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова қатысты. Билік өкілдері облыста бірнеше мемлекеттік бағдарлама шеңберінде мыңдаған азамат тұрақты жұмыс орнымен қамтылып отырғанын айтты. Бұл күнгі шара барысында елдің 4 облысынан 36 мемлекеттік орган мен 11 оқу орнының өкілдері қатысып отырды.

Жұмыс жәрмеңкесінде 2000 бос орын ұсынылды

Жалпы, «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы шеңберінде 2014 жылдан бері Оңтүстік Қазақстан облысынан Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласына 107 отбасы қоныс аударуға ниет білдіріп, ондағы 20 отбасы тұрғын үймен қамтылған. Барлық отбасы мүшелері тұрақты жұмыс орнымен қамтылып отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар жылдың соңына дейін жалғасатын болады.

Қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының мәліметіне сүйенсек, жәрмеңкеге қатысқан азаматтардың 744-і жұмысқа тұруға жолдама алған. Оның 232-сі — білім саласына, 84-і — денсаулық сақтау саласына және 177 азамат қызмет көрсету бағыты бойынша жұмыс тапқан. Сондай-ақ, өнеркәсіп саласына — 93, құрылысқа — 67, мәдениет және спорт саласына — 73, әкімшілік басқару және экономика саласына 18 адам жұмысқа шақырылған.