Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері құнды заттарды алаяқтықпен жымқырып жүрген 31 жастағы күдіктіні қолға түсірді. Мақтаарал аудандық ішкі істер басқармасының кезекші бөліміне Жетісай қаласының екі тұрғыны арызданып келді. Олар жақын таныс емес әйелдің өздерінің сенімге кіріп, алтын бұйымдары мен ақшасын алып кеткенін айтқан. Сатушыларға жалпы көлемі 3 миллион теңгеден аса шығын келіп отыр.
Мақтааралдың полицейлері жүргізген жедел іздестіру іс-шаралары барысында 1985 жылғы жұмыссыз келіншек ұсталды. Тергеу барысында бұл күдіктінің Мақтаарал ауданында орын алған екі алаяқтыққа қатыстылығы анықталып отыр.
Анық болғаны, жұмыссыз келіншек Жетісай қаласындағы базардың 50 жастағы сатушысының алтын бұйымдарын сатып беремін деп, сеніміне кіріп, 1,5 миллион теңгені құрайтын соңғы алтын бұйымдарын алдап алып кеткен. Бұдан кейін тағы бір жергілікті кәсіпкердің сеніміне кіріп, 1,5 миллион теңгесі мен алтын бұйымдарын алып кеткен. Алтындарды ломбардқа өткізген әйел ақшаны жаратып жіберіпті.
Осы жайт бойынша қылмысты кодекстің 190-бабымен (алаяқтық) іс қозғалды. Күдіктіден айғақ зат ретінде алынған алтын бұйымдардың бір бөлігі заңды иелеріне қайтарылды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда полицейлер күдіктінің басқа да қылмыстарға қатысы тексерілуде.