Жоғалған оқушы қыз бен апасының денелері табылды

444
Дәубаба шатқалына кеткен бүлдіршін мен әпкесі жоғалып кетті

Түлкібас ауданында жоғалып кеткен оқушы қыз бен туысының денелері табылды. Бұл туралы аудан әкімінің орынбасары телефон арқылы хабарласқан тілшілерге мәлімдеді.

Дәубаба шатқалына кеткен бүлдіршін мен әпкесі жоғалып кетті

Қазір оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Мәйіттер табылған жер қоршауға алынып, тілшілер мен басқа да адамдар жіберілмей отыр.

Аудан әкімдігі өкілдерінің айтуынша, Инабат Іңкәрбек пен апасы Әшіргүл Баймұратованың денесі терең шұңқырдан табылған. Олар Қара қуыс деп аталатын құзға құлап кеткен деген алдын ала болжам бар.

Қазір сараптама тағайындалып, қайғылы жағдайдың толық себеп-салдары тексерілу үстінде. Ауыл адамдары Қара қуыс атап кеткен жар Дәубаба ауылынан шамамен 10-12 шақырым жерде. Бүлдіршін мен әпкесі қалың тұманда адасып кетуі де мүмкін дейді полицейлер.

Осы оқиғадан кейін ауданда тауға шығуға қатаң тыйым салынды. Төтенше жағдай қызметкерлері қолайсыз ауа райы кезінде сақтық шараларын сақтауға шақырады. Әсіресе, Түлкібас аудандарында таулы аумақтарда жүру мүмкін болмай тұр.

Жоғалғандарды іздеу жұмысына 400-дей адам жұмылдырылды. Олардың арасында 250-ге жуық ұлттық гвардия сарбазы да болды.