Шымкентте жол жүру тәртібін бұзған жүргізуші жазаланды. Жергілікті полиция қызметкерлері Бәйдібек би даңғылы бойымен артқа қарай жүрген джиптің жүргізушісін ұстап алды.
Соңынан келе жатқан басқа көліктің бейнетіркеу камерасындағы жазбада мемлекеттік нөмірі 303 Тойота көлігінің автобуспен қатар, бірақ, артқа қарай жүргені анық көрінген.
Енді ұсталған жүргізушінің үстінен әкімшілік хаттама толтырылды. Жас жігіт өз кезегінде теріс әрекеті үшін полицейлерден кешірім сұрап, Шымкенттің өзге жүргізушілерінен жол жүру тәртібін сақтауды және жол-патрульдік полициясын құрметтеуді сұранып отыр.
[youtube]https://youtu.be/SFN1hW_6yEo[/youtube]