Үкіметтік емес ұйымдар стратегиялық жобалар құра алады

263

 Стратегиялық жобаларды жоспарлау тек мемлекеттік қызметкердің құзырында емес. Қолыңнан келсе, қоғамдық бірлестіктер қыр-сырын меңгеріп, бағытын бағдарлай алады. Оның жолын «Береке ынтымақ арқылы» бағдарламасы шеңберінде үйретіп жатыр. Бұл жолы Шымкентте екінші деңгейдегі үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кезекті семинар тренингке қатысып, халыққа қажетті жобаларды құруды меңгерді.

Стратегиялық жоспарлаудың қыр сырын Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында қызмет ететін қоғамдық бірлестіктердің өкілдері меңгерді. Олардың жұмысының бағыты сан алуан. Мәселен, түлкібас ауданындағы қоғамдық бірлестіктер табиғатты қорғауды мақсат еткен.

Түлкібас ауданының «Замир» ҚБ өкілі  Күлімкүл Дауылбаева,  қазіргі уақыттағы Түлкібас ауданының табиғат жағдайын мәлімдеді. Мәселен, аталмыш ауданның тұрғындары ағаштарды кесіп, отынға пайдалануда. Ал, ағаштардың саны жыл сайын азайып барады. Осы, мәселені шешіп, бір шара қолдануымыз керек. Сонымен қатар, жастарды табиғатты аялауға, спортпен айналысуға баулымыз керек десеті.

Тәжірибесі бар екінші деңгейдегі ауылдық үкіметтік емес ұйымдардың белсенділері үшін бұл семинар тренинг «Береке ынтымақ арқылы» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған. Жоба «Береке» және «Экоцентр» қоғамдық бірлестіктерінің серіктестік негізінде, халықаралық даму жөніндегі АҚШ агенттігі арқылы Америка халқының қаржылай қолдауымен жүзеге асырылуда.

Стратегиялық жоспарлау бағдарламасын толық меңгерген белсенділерге сертификат табыс етілді. Солардың  арасында Тараздық Варавара Шемелева да бар.  Олардың ұйымы әйелдердің мәселесін шешумен айналусады.  Сонымен қатар, бүгінгі семинарда өз алғысын айтып, ендігі үйренгендерін қызметте пайдаланбақ.