Амангелді Ақынов табылды

485
Туыстары Амангелді Ақыновты іздейді

Жоғалып кеткен Оңтүстік тұрғыны табылды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Туыстары Амангелді Ақыновты іздейді

Өңірдің полицейлері бұған дейін іздеуде болған ОҚО әкімдігінің қызметкері Амангелді Ақыновты Қызылорда қаласынан табылғанын мәлімдеді. Оның не себепті көрші облыс аумағына кетіп қалғаны әзірге белгісіз.

Еске сала кетейік, облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінде жұмыс істеген А.Ақынов 11 мамыр күні қызмет орнынан шығып, сол күйі үйіне оралмаған. Ең алғаш болып ағасы Тұрар Ақынов Фэйсбук әлеуметтік желісі арқылы өзінің інісіне іздеу салған болатын. 16 мамыр күні полицияға жоғалған жігітің әкесі арызданған. Тәртіп сақшылары араға бір күн өтіп табылған 28 жастағы жігіттің дені-қарны сау деп отыр.