Фототілші Шүкір Шахай жерлестеріне есеп берді

840

«Ел мақтаныштары». Күнгейде осындай тақырыпта елімізге белгілі фототілші, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, жерлесіміз Шүкір Шахайдың мерейтойлық фотокөрмесі ашылды. Автор кезекті шығармашылық жинағын ел тәуелсіздінің 25 жылдығына арнаған.

Көкейіндегі ой мен сүзген елегін суретке сыйдыратын сыйқыры бар, өзінен бұрын еңбегі, суреттері сөйлейтін кейіпкерімізді көпшілік бүгінде фототілші деп таниды. Талай тұлғаны, оның ішінде Алаш арыстарының табиғаты мен түр-тұлғасын бейнелеп, оны көпшілікке танытып жүрген Шүкір Шахайды кезекті көрмесінде қаумалағандардың қарасы қалың. Бірі шығармашылығына ден қойып танысса, екіншісі оны 50 жасқа толған мерейтойымен құттықтап жатыр.

Шүкір Шахай
Шүкір Шахай

Айнұр Тұрсынхан, студент: «Әрбір портретқа қарап, үлкен әсер алдым. Ол адамның болмысын сол суретке қарап-ақ, тануға болатындай көрінді. Таңданатыны сол — бір сурет екіншісін қайталамайды. Әрбір еңбек — тұнған тарих дер едім». 

Оңтүстікте Turkestan-2016 фотокөрмесі басталды

18

«Ел мақтаныштары» атты мерейтойлық көрмеде автордың 500-ге жуық еңбегі таныстырылды. Бір қарағанға әрқайсысы кәнігі портрет болып көрінгенімен, талай тарихтың таңбасы мен пен ондағы елдің төл тағдырын бойына бұққан. Жетістіктері де суреттің сырлы сәттерінен табылды десті жерлестері. Ал жасынан шынайылықты бейне арқылы ғана бағамдаған маман көпке беймәлім қолтаңбасының құпиясын ашты.

11

Шүкір Шахай, фототілші: «Адамның бәрі суретке жақсы түсе бермейді. Одан тосыннан түсірілген фотолар әлдеқайда жақсы шығуы мүмкін. Фотодан сол қас-қағым сәтті таба білу қажет, соны ұстай алу фотогрофтың қабілетін саралайды. Шеберлігін көрсетеді. Мамандық жалқаулықты көтермейді, ізденісті талап етеді. Ал қазір көбіне табиғат суреттерін түсіріп жүрмін, менің сүйікті тақырыбым — жылқыларды фотоға түсіру, бірақ оны да түсіру оңай шаруа емес, өзіндік қиындықтары бар».

Бүгінге дейін 1000-ға тарта туындының авторы атанып үлгерген Шүкір Шахай «Құрмет», «Парасат» ордендерімен мараптталған. Өнер иесінің «Тәуелсіздік тағылымы» атты ұлттық жобасы аясында жүзеге асқан «Ел мақтаныштары» атты көрмесі енді ай бойы күнгейлік тұрғындардың назарына ұсынылады.