«Тәуелсіздік тарихының таңдамалылары» фотокөрмесі (PR)

413

Соңғы 20 жылда түсірілген 200-ден астам фототілшілердің ең үздік фотосуреттері. Әр уақытта, қоғамның әртүрлі саласынан көрініс бұл түсірілімдерде егемен елдің ен тарихы баяндалған. Бұл игі іс-шараны ұйымдастырушы «RBK BANK» АҚ. Егемендік жылдарындағы естеліктерді жас ұрпақтың есінде ерек етіп көрсету. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы елдің қоғамдық және рухани өміріндегі айтулы оқиғаларды мақсат тұтқан «РБК БАНК» АҚ фотокөрме ұйымдастырды.

Талғат Тойшиев, «РБК Банк» АҚ ШФ директоры: «Біздің банк бизнестің әлеуметтік қолдау жұмыстарын белсенді түрде атқарып келеді. Тәуелсіздіктің 20 жылын айқындай алғын озық фотолар тарих шежіресі деп білемін».

20 жылдағы жас тәуелсіз мемлекеттің әрбір қадамын журналистер мен фототілшілер қалам мен фототүсірілім арқылы алтын қорда сақтап жүргені аян. Сондықтан да фототүсірілімдер соншалықты бай, әрі ерекше әсерлі болып шықты. Отанымыздың көрікті жерлері, байрақты бәсекеде топ жарға Олимпиада чемпиондары, ұлттық ойындар, көз тіккен көрермендер. Ал мына суретті айрықша айтып өтуге болады. Футбол алаңында Қазақстанның атқамінер азаматтар, министрлері мен әкімдері.

«РБК БАНК» АҚ ұйымдастырған бұл жылжымалы көрме Астана мен Алматы қаласынан соң Шымкентте көрсетілуде. Шымшахардың тұрғындары 22-желтоқсанға дейін көрмені тамашалай алады. «Тәуелсіздік тарихының таңдамалылары» көрмесінің қорытындысы бойынша осы аттас фотоальбом жасау жоспарда бар.