Шымкентте «Көктем -2016» футболдан ұлттық студенттік лига ойындары басталды. Бұл туралы облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Болат Жанәбіл хабарлады.
Сайыстың ашылу салтанаты сағат 11:00-де Абай саябағында болды. Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған бұл жарысқа білім және ғылым вице-министрі Т.Балықбаев пен облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібековтер қатысты.
Турнирге облыстағы жоғары оқу орындарының 9 командасы қатысты. Айта кету керек, 2014 жылы құрылған студенттік лига қысқа мерзім ішінде ауқымды спорт додасына айналып үлгерді. Бүгінде республика бойынша 30-дан астам жоғары орнының командалары осы жарысқа қатысуда.
Сенбі күні екі ойын өтеді деп күтілуде. Жасыл алаңда М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің «Сұңқар» командасы мен Шымкент университетінің «Бүркіт» командасы кездессе, Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-нің «Яссауи» командасы АӘИУ-дің «Жігер» командасымен доп тебеді.