Кентау-Түркістан бағытындағы көпір жөнделді

248

5555555555555555555555555Кентау-Түркістан бағытындағы көпір жөнделді. Былтырғы қыркүйек айында құрылысы басталған нысан мерзімінен бұрын пайдслануға берілді. Кезінде апатты деп танылған көпір бүгінде заманауи үлгіде қайта жаңарды.

Кентау-Шәуілдір-Түркістан-Төрткүл бағытындағы көпір бұрынғыдан едәуір кеңейтілген. Ені 17 метрлік өткелдің 8 метрі көліктердің қатынауына ыңғайластырылған. Ұзындығы 44 метрлік көпірді жөндеуге 350 млн теңгеге жуық қаржы бөлініпті. Өңірде бірлі-жарым кезедесетін гофра металынан салынған мұндай нысандар сапалы, ауыр жүк көлектеріне шыдамды келеді дейді мердігерлер.

Қарашық өзенін қиып өтетін өткел осыдан үш жыл бұрын апатты деп танылған-ды. Қатынасқа тыйым салынған соң көпірдің жанынан көліктердің жүруі үшін уақытша өткел салынған болатын. Сол тұста жол азабын тартқан жүргізушелірдің жанайқайы біздің де назарымыздан тыс қалмаған. Редакция тілшілері, тіпті, құрылыс барысын бақылап, жөндеу жұмыстарының қарқынын да сынға алған болатын.

Жүргізуші Нұрлан Қамбарұлы бұл өткелден күн сайын екі рет өтетінін айтады. Бірнеше жыл бойы айналма жолдың азабын тартқан жүргізіші енді су жаңа жолда әуендетіп жүйткіп жүр.

«Қазавтожол» ұлттық компаниясының тапсырысымен өткелге күрделі жөндеу жүргізген мердігерлер табаны күректей бес жыл кепілдік мерзім беріп отыр. Осы аралықта ақаулар пайда болса, құрылысшылар өз қаражаттарына жөндеп беруі тиіс.