Шымкент әкімі қала тұрғындарын қабылдады

250
Ғабидолла Әбдірахымов, Шымкент қаласының әкімі

Ғабидолла Әбдірахымов, Шымкент қаласының әкімі

Шымкент тұрғындары қала әкімімен кездесіп, еркін тілдесті. Ғабидолла Әбдірахымов азаматтарды жеке қабылдады. Қоғамдық қабылдау барысында жер мәселесі, шаһардағы әлеуметтік, коммуналдық проблемалар бойынша тұрғындардың талап-тілектерін тыңдап, пікірлесті.

Қабылдауда қала әкімі мемлекеттік қызметте жариялылық пен ашықтықты пайдалана отырып, жұртшылықты толғандырған өзекті мәселелерге нақты жауап беріп өтті.