Шымкентте жол апатынан екі бүлдіршін мерт болды

266
Шымкентте жол апатынан екі бүлдіршін мерт болды

Шымкентте тағы бір қайғылы жол апаты болды. Жылдамдықты асырған жүргізуші 3 адамды қағып, екеуі мерт болды. Қазір қымбат автокөлігімен жүйткіген жүргізуші арнайы санкциямен тергеу изоляторына жабылды.

Шымкеттегі Қаратау аудандық соты қоғамдық пікір туығызған жол-көлік оқиғасын ескеріп, осындай шешім шығарды. «Лэнд Крузер» автокөлігінің астында қалған екі жасөспірім қаза болған. Ал олардың анасы ауруханада ауыр халде жатыр.

Шымкентте жол апатынан екі бүлдіршін мерт болды

Қайғылы жағдай Арғынбеков көшесінің бойында тіркелген. Түнгі сағат 21:45 шамасында келіншек екі баласын ертіп, жолдың үстіндегі жаяу жүргіншілерге арналған жолақпен өтіп келе жатады.

Осы кезде қатты жылдамдықпен келген Тойота Лэнд Крузер 100 маркалы автокөліктің жүргізушісі жаяу жүргінші жолағынан өтіп бара жатқан ана мен оның екі баласын қағады. Көлік астында қалған Жансая 12 жасар. Жас қыз алған дене жарақаты салдарынан оқиға орнында тіл тарпай кетті. Оның 6 жасар інісі аурухана төсегінде көз жұмды. Ал мерт болған жасөспірімдердің анасы қалалық ауруханада жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр.

Шымкентте жол апатынан екі бүлдіршін мерт болды

Әйелдің жасы 42 де. Қара көлікті басқарған азаматтың жасы да сол шамалас. Оған қатысты қылмысты іс қозғалып, тергеу сол күні-ақ басталған. Қаратау аудандық соты санкция беріп, жүргізушіні қамауға алды.

Шымкентте жол апатынан екі бүлдіршін мерт болды

Жұрттың жағасын ұстатқан оқиғадан кейін жаяу жүргіншілер жолағына жақын жерге арнайы кедір-бұдыр сызық сызылды. Бірақ, қалалықтар жүргізушілер оған назар аударар емес деп ашынып отыр.

Ернар Балабеков