Шымкенттіктер жеңіс күнін тойлады

725
Жеңіс күні

8 мамыр күні Шымкентте «Мәңгілік даңқ» шеруі өтті. Жергілікті биліктің шешімінен жылда 9 мамыр күні өтетін бұл іс-шара 8 мамыр күнге ауыстырылды.

Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлердің ерлігін еске алар шараға биыл шамамен 1000-нан астам жерлесіміз қатысты. Зұлмат жылдары қан мен тер төккен ата-апаларын құрметтеуге ниет білдіргендер таңертеңгі сағат 9-ға жетпей Қажымұқан атындағы орталық стадионның алдындағы алаңшаға жинала бастады.

"Мәңгілік даңқ" шеруі

"Мәңгілік даңқ" шеруі

"Мәңгілік даңқ" шеруі

"Мәңгілік даңқ" шеруі

"Мәңгілік даңқ" шеруі

Барлығының қолдарында соғыс ардагерлерінің есімдері мен суреттері бейнеленген тақтайшалар. Биылғы бір ерекшелік — футболкалар болды. Онда Ұлы Отан соғысына қатысушылардың ұрпақтары өз ата-бабасының аты-жөндерін жазып алған.

"Мәңгілік даңқ" шеруі

"Мәңгілік даңқ" шеруі

 

Барлығы толық жиналып болды-ау дегенде шеру қозғалды. Сап түзегендер стадионнан Абай саябағындағы «Даңқ» мемориалына дейін өздерінің аталары мен туыс майдангерлерінің суреттерін мақтана алып жүрді.

"Мәңгілік даңқ" шеруі

"Мәңгілік даңқ" шеруі

"Мәңгілік даңқ" шеруі

"Мәңгілік даңқ" шеруі

"Мәңгілік даңқ" шеруі

"Мәңгілік даңқ" шеруі

"Мәңгілік даңқ" шеруі

15-20 минут жолды жүріп өткен шеру «Даңқ» мемориалынада келіп жетті. Осында жиналған көпшіліктің алдында облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов құттықтау сөз сөйледі. Соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне ерліктері үшін алғыс білдірген өңір басшысы алдағы уақытта ешқандай соғыстың болмауын тілеп, қарт жауынгерлерге өскелең ұрпақтың алғысын жеткізді.

"Мәңгілік даңқ" шеруі
Облыс әкімі — Бейбіт Атамқұлов

Жеңіс күні

Жеңіс күні

Жеңіс күні

Бұдан кейін облыс әкімі бастаған жауынгерлер, соғыс және тыл ардагерлері, жалпы, жиналған қауым мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.

Жеңіс күні

Жеңіс күні

Жеңіс күні

Жеңіс күні

Мерекелік іс-шара бұдан әрі Абай саябағының ішінде бой көтерген шағын шатырлар қалашығында жалғасты. Жылдағы дәстүрге сай биыл да әскери кездегі жағдайға барынша ұқсастырылған дастархан басында соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері әскери-дала ботқасынан дәм татып, жергілікті өнерпаздар ұйымдастырған театрландырылған көріністі тамашалады. Бұл жерде әскери әндер де шырқалды.

Жеңіс күні

Жеңіс күні

Жеңіс күні

Жеңіс күні
Фото: Әйгерім Бегімбет

Ұлы Отан соғысына Оңтүстіктен 140 мың азамат аттанып, оның 43 мыңы елге оралған. 2016 жылдың 8 мамырындағы мәліметке сәйкес, бүгінде олардың 320-дан сәл ғана астамы арамызда жүр. Біз оларға мәңгілік қарыздармыз! Олардың ерліктері ұмытылмайды!

Айта кету керек, соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетуге арналған бұл шеру Шымкентте осымен үшінші рет өткізіліп отыр. 2016 жылы өткен шеруге 5000-дай адам жиналған болатын. «Отырар» медиахолдингінің ұйымдастырумен алғаш рет Оңтүстікте 2014 жылдың 9 мамыры күні өтті. Ал шерудің жалпы тарихымен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар.