Шымкенттегі «Мәңгілік даңқ» шеруіне 5000-дай адам келді

390

Шаһарымызда «Мәңгілік Даңқ» шеруі өтті. Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлердің ерлігін еске салар шараға 5000-ға жуық жерлесіміз қатысты. Таңғы сағат 7-30-да жиналған жамағат «Даңқ» мемориалына дейін өздерінің аталары мен туыс майдангерлерінің суреттерін мақтана алып жүрді.

MG_7233

MG_7170

MG_7191

MG_7248

Айта кеткен жөн,  бастаманы облыстық ішкі саясат басқармасы қолға алды. Ал «Отырар» телеарнасы, «Рабат» және «Оңтүстік Рабат» газеттерінің ұжымы үйлестіруші ретінде қызмет атқарды. Игі шара –  елге қайтқан және қан майданда Отан үшін от кешіп,  оралмаған жауынгерлердің есімін жаңғырту үшін ұйымдастырылып отыр.

MG_7381

IMG_0868

Жиын аясында театрланған концерттік бағдарлама көпшілік назарына ұсынылды. Ардагелер мен шараға келген жұртшылық «Даңқ» мемориалды кешінін аралап, ескерткіштерге гүл шоқтарын қойды.  Арасында мектеп оқушылары да кездесті.

otyrar_kz-00324

– Бүгін мен атам – Абдулла Жұмашовтың суретін әкеліп отырмын. Жауынгер 1941-1945 жылдар аралығында майданға қатысты. Елге аман-сау оралды. Бірақ таяуда өмірден озды. Мен атамның ерлігін мақтан тұтамын! – дейді, 10 жасар қыз.

IMG_0896

MG_7165

Шараға келген көпшілік,  жауынгерлердің  ағайын-туысы, немерелері олардың ерлігін айтып, оны насихаттаудан жалыққан жоқ. II Дүниежүзілік соғыс алаңында небәрі 20 жасында қыршынынан қиылған майдангер Әбдіраман Алтыбаевтың туыстары да шеруден табылды.

Дана Алтыбаева
Дана Алтыбаева

Дана Алтыбаева, «Мәңгілік даңқ» шеруінің қатысушысы: «Ең алдымен ұйымдастырушыларға айтар алғысым шексіз! Менің әкемнің ағасы Әбдіраман Алтыбаевтың бүгін суретін әкеліп, мақтана көтеріп, жоғары ұстадым. Майдангер соғыс алаңында ерлікпен қаза тапты. Оның сүйегі қайда жерленгенін де білмей келдік, із-түссіз кеткен. Биыл Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай, әскери комиссариаттың көмегіне жүгіндік. Олар іздестіріп, мұрағаттарды көтеріп, тауып берді. Ағамыз атыс батальонының командирі болған екен, ұрыс алаңында түрлі айламен әдіс-тәсілдерді жүзеге асырып, жауды жыққан, сол үшін мәртебелі медальдармен марапатталыпты. Мұны біз енді ғана біліп отырмыз ғой. Ағамыздың рухына тағзым етіп, көзімізге жас алдық.  Бастысы, ерлік ешқашан ұмытылмаса екен дейміз!»

IMG_0856

IMG_0878

Айта кетейік,  бүгінде арамызда 427 майдангер мен  21779 тыл еңбеккерлері ғұмыр кешіп жүр. Облыс әкімдігінің берген мәліметіне сенсек, мереке кейіпкерлеріне  мерейтой қарсаңында мемлекет тарапынан материалдық көмектер көрсетілді. Тұрғын үй кезегінде тұрған 26 cоғыс ардагерінің 18-і баспанамен қамтылған. Әлеуметтік карта аясында 226 ардагердің үйі жөнделді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=uL0vAeDytuE[/youtube]

 

фотосуреттерді түсірген: Әйгерім Бегімбет