Қатаң режимде жазасын өтеушілер прокурорлармен футбол ойнады. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.
Әдеттегіден өзгеше спорт спартакиадасы Леңгір қаласындағы 167/9 түрмесінде өтті. Алғаш рет қолға алынған ерекше шара түрмедегі жандардың қоғамнан шеттетілмегенін сездіртті.
Жазасын өтеушілер шағын футболға екі команда дайындаған. «Нұр» және «Астана» деп аталатын команданың ойыншылары прокурорлар мен қылмыстық атқару жүйесінің қызметкерлеріне қарсы ойынды алғашында қорқынышпен бастады. Бірінші ойында қылмыскерлерге қарсы облыстық прокурорлардан құралған жалғыз команда шықты. Алайда, аяқтары теңбіл допқа үйренген сотталушылар жалтақтап қалмады. Бостандықта жүргендерді 4:0 есебімен ойсырата ұтты.
Екінші айналымда түрмеге қамалғандар мен қылмыстық атқару жүйесінің қызметкерлі алаңға шықты. Бірінші ойынның буына үйренген спартакида қатысушылары құқық қорғау қызметкерлерін де 5:1 есебімен жеңіп шықты. Жанкүйерлер де дәл ойыншылар секілді қобалжып отырды.
Спартакиаданың қорытындысы бойынша бірінші және екінші орынды қатаң режимде жазасын өтеушілер өзара бөлісті. Спорт жарысына белсене қатысқандарға темекі, сабын және шәй секілді күнделікті керек-жарақтары сыйлық ретінде тапсырылды. Теңбіл доптан өзге шахмат және дойбы ойындары да тартысты өтті.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=ouyZNRI4q-c[/youtube]