Шымкентте «Дархан далам» атты суретшілер симпозиумы басталды. Іс-шараға Қазақстанның барлық өңірлерінен өнер қайраткерлері және қыл қалам шеберлері қатысуда. Олар бес күн бойы шаһардың көрікті жерлерінде қазақтың тарихынан сыр шертетін суреттерді бейнелейді.
Симпозиумның басты мақсаты — бейнелеу өнеріне жаңаша көркем қосып, пластикалық шешімдер мен формаларды іздестіру. Ал 20 мамыр күні үздік деп танылған суреттер арнайы көрмеге қойылады.