Кәсіпорынның жалпы құны – 527 млн теңге. Толық қуаттылығына сай мұнда жыл сайын 25 млн дана қыш шығарылады. Кәсіпкерлер мемлекеттік бағдарламалардағы жеңілдіктерді де тиімді пайдаланып отыр. Олар пайыздық мөлшері аз несие түрлерін алып, ісін дөңгелетуде.
Бүгінде өңірдегі 70-ке жуық кірпіш зауытының тек бесеуі ғана жылдың барлық маусымына арналған технологиялық жабдықтармен қамтылған. Заманауи талапқа сай бой көтерген кәсіпорынның бірі осы. Жалпы, облыста индустриалды карта аясында 705 млрд теңгенің 170 жобасы қолға алынған. Қазір бұл кәсіпорындарда 21 мың адам жұмыс істеп жатыр.