Түркістанда бір күнде бірнеше кәсіпорын іске қосылды

26

Түркістанда 1 күнде бірнеше кәсіпорын ашылып, 1 зауыттың капсуласы салынды. Оның бәрі арнайы экономикалық аймақта орналасқан. Мамандар жаңа жобалар өңірдің экономикасына зор үлесін қосады дейді. Облыс басшысы барлық нысанды аралап шықты.

2017 жылы қолға алынып, жұмысы тұралап қалған «Golden Camel» зауыты қайта іске қосылды. Мұнда түйе сүтінен ұнтақ шығарып, оны өндіріске қосу көзделген. Мамандар кәсіпорын жылына 2500 тонна өнім өндіруге қауқарлы екен айтады. Ол үшін қытайлық компания 7 млрд теңге инвестиция салған.

«Тұрғындардан өзімізге сәйкес келетін сүтті сатып аламыз. Оны осы жердегі құтыларға алып келіп құямыз. Мұнда сүттер тексеріледі. Сүт стерилизациядан өтіп, линия арқылы келесі жаққа жіберіледі», – дейді «Golden Camel» зауытының маманы. 

Сонымен қатар «TURKISTAN» индустриалды аймағында шұлық тоқыла бастады. Жобаның құны – 1 млрд теңгені құрайды. Кәсіпорын жұмысы жанданса, кәсіпкер қосымша киім тігу цехін ашуды да көздеп отыр. Ал «TURAN» арнайы экономикалық аймағында биыл сэндвич-панель шығарылады. Ол үшін қазір құрылыс жұмысы жүргізіліп жатыр.

«Бізге осы жақтан жер бөлінді. Құдай қаласа мұнда зауыт саламыз. Осында 5 мың шаршы метр жабық және 4 жарым шарты метр ғимарат салынады. Ішінде 7 зауыт болады. Мұнда сэндвич-панель шығарамыз, ал екінші зауыт профильді труба шығарады», – дейді «Panel Sistem KZ» ЖШС-нің атқарушы директоры Нұрлан Шерханов.

Осылайша облыста 1 күнде бірнеше кәсіпорын іске қосылды. Соның бірі жиһаз зауыты. Мұнда күніне 600 дана өнім шығару жоспарланған. Сол арқылы өңірлік мектептер, балабақшалар мен жаңадан салынған мекемелерді жиһазбен қамту көзделіп отыр