Алдағы мереке күндеріне орай Шымкентте өтетін шаралармен таныс болыңыздар. 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты жиын «Түркістан» сарайында өткізілмек. Басталуы сағат 11:00-ге жоспарланып отыр.

8 мамыр күні Ұлы Жеңістің 71 жылдығына орайластырылған шара Абай саябағындағы мәңгілік алаудан бастау алады. Сағат 11:00-де ұйымдастырылатын шараға қатысушылар майданда қаза тапқан құрбандарды еске алып, оларға тағзым етеді. Бұдан соң «Даңқ» мемориалында қонақтарға арналған дала дастарханы жайылмақ.

Ал 9 мамыр күні «Мәңгілік Даңқ» шеруі өткізілмейтін болып шешілді.