Оңтүстік Қазақстан облысында 17 жасар студент қыздың жоғалып кетуіне байланысты «Адам өлтіру» бабымен қылмысты іс қозғалды. Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Қазір тәртіп сақшылары жоғалған қыздың туыстарымен, еріктілермен, облыс жұртшылығымен бірлесіп Әйгерім Оспанбекованы іздеуде.
Сондай-ақ, облыстың барлық ішкі істер басқармаларына хабар-ошарсыз жоғалып кеткен 17 жасар қыз туралы хабарлама жіберілді. Еске салсақ, 11 мамырда Сарыағаш аудандық ішкі істер басқармасына жергілікті тұрғын кәмелет жасына толмаған қызыныѕ хабар-ошарсыз жоғалғаны туралы арызданып келген.
Студент қыз Шымкент қаласына оқуға баруы үшін үйінен шығыпты. Полицейлер Әйгерімнің 10 мамырда күндізгі сағат үштер шамасында заттарын жинастырып, жолға шыққанын анықтады. Ол Жетісай-Шымкент тасжолының бойынан жолай көлікке отырып, Шымкентке жетуі керек болған. Бірақ, іс-түссіз жоғалып кетті.