Қала базарларында қауын-қарбыз көбейді

357
Қала базарларында қауын-қарбыз көбейді

Қала базарларында қауын-қарбыз көбейіп келеді. Базар әкімшілігі маусым айының жиырмасынан кейін келген бақша өнімдерін сатуға рұқсат беріпті.

Қала базарларында қауын-қарбыз көбейді

Алғашында нитраты көп қарбыздардың сатылғанын сатушылар да мойындайды. Тіпті, кейбірін базар аумағына кіргізбей де қойған екен.

Тыңайтқыш себіліп, ерте піскен өнімдер адам денсаулығына едәуір кері әсер етеді. Мұны санитар мамандар ескертіп отыр. Сондықтан базар аумағында сатылып жатқан қауын-қарбыздарды қатаң қадағалауға алған.