Қадір түні қарсаңында Шымкентте бірқатар қоғамдық көліктер жолаушыларды тегін тасымалдап жатыр. «Гринбасс» серіктестігінің басшысы имамдармен ақылдасып, Ораза айында осындай қайырымдылық шарасын өткізуді ұйғарыпты.
Компанияның №78, 92 және №74 бағыттарындағы бір-бір автобуста жолаушылар бүгін тегін қатынай алады. Бұл шара Қадір түні бастауын алғанша жалғасын табады.
Өңірдегі әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруда белсенділік танытып жүрген қоғамдық көлік компаниясының ұжымы қымбатшылық кезеңде жерлестерімізді қолдау мақсатында осындай игі бастаманы көтеріп отыр.
«Южавтотранс» қауымдастығының президенті Дархан Қаюповтың мәліметінше, бұлар — №78 бағытта мемлекеттік нөмірі 493, №92 бағытта — 417 және №74 бағытта мемлекеттік нөмірі 269 автобустар.