Шымкент әкімі Қошқар ата өзені жағалауында тұрғындарға қолайлы демалыс аймағын жасауды тапсырды.
Осыған орай Ғабидолла Әбдірахымов шаһар ортасынан ағып өтіп жатқан Қошқар ата демалыс аймағын аралап, өзен арнасы мен оның айналасында салынған әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты.
Шаһар басшысы тұрғындарды қала аумағында демалуға жағдай жасалған тынығу орындарымен қамтамасыз ету атқарушы биліктің маңызды міндеті болып табылатынын атап өтті.
Осыған орай әкім тез арада жауапты сала мамандарына өзен жағасындағы қоршаған ортаның тазалығын жақсартып, шымкенттіктерге қолайлы, еркін демалыс аймағын жасауды тапсырды.