7 маусым — мектеп түлектері үшін ұлттық бірыңғай тестілеудің алтыншы күні. Облыста тестілеуге арнайы бекітілген орталықтарда 3331 түлек сынаққа қатысқан.
Оның нәтижесі бойынша 4 түлек 124 бал жинады. Біреуі Мақтаарал ауданындағы мектеп оқушысы болса, ал үшеуі — Шымкенттегі мектеп түлектері. Жалпы, осы уақыт аралығындағы облыс мектептерінің орташа көрсеткіші 77, 17 пайызды құрайды, деп нақтылады облыстық білім басқармасының жауапты мамандары.
Бес күн ішінде 713 ұл-қыз тестілеу қорытындысы бойынша 50 балды жинай алмаған. Мамандар тағы бір тұсты нақтылады. Оңтүстікқазақстандық мектептерден 308 түлек Алтын белгіге үміткер болса, оның 128-і өз білімінің жоғары екенін дәлелдеген.