22 маусым – еске алу, аза тұту күні

822

22 маусым – еске алу, аза тұту күні, Ұлы Отан соғысының басталған күні. 1941 жылы 22 маусым – бұрынғы кеңестік елдер үшін тарихтағы ең қайғылы күн.

Бұл күні мешіттегі жамағат та ел үшін құрбан болған ерлерге құран бағыштап, дұға етеді. Жиналғандар гитлерлік басқыншыларға қарсы айқаста қаза тапқан, тұтқында зәбір көрген, тылда аштан өлгендердің барлығын еске алады.

Алла үйінде тағзым еткендер сұрапыл соғыс жылдары Отан қорғау жолында жандарын пида етіп, борышын өтегендердің барлығын аза тұтты. Осылайша батырларды еске алған жамағат бұл күннің маңыздылығын тағы да бір ескерді.