//
Алаяқтар сотты болды Жаңалықтар 

Алаяқтар сотты болды

Соңғы уақытта тұрғындардың заңдық сауаттылығының төмендігін пайдаланып, оңай олжа табуды көздейтіндердің қатары арта түсуде. Осыған орай Шымкентте болған алаяқтық қылмыстары бойынша қалалық ішкі істер басқармасыннда жедел тергеу тобы құрылды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Статистикаға сәйкес, 2016 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша Шымкентте алаяқтық бойынша 2473 қылмысты іс тіркелген. Оның ішінде 1008 қылмысты іс өндіріспен аяқталып, 669 іс айыптау актісімен сотқа жолданды. Ал 339 іс ақталмайтын негіздермен қысқартылған.

Тергеушілердің мәліметінше, алаяқтық қылмыстарының 80 пайызы кезектен тыс жер учаскелері мен мемлекеттік бағдарламамен пәтер алып беруге қатысты. Бұған қоса банктен аз пайызбен несие шығарып беру немесе жұмысқа тұрғызуға қатысты да іс көп. Осылай деп уәде берген алаяқтар азаматтардың ірі және аса ірі мөлшердегі ақшаларын заңсыз иемденіп кетіп жатыр.

Осы орайда жауаптылар Шымкент қаласының тұрғындарына жер учаскесі мен пәтер алуда, несие алу мен жұмысқа орналастыруда көмек бермек болған азаматтар кездескен жағдайда құқық қорғау органдарына тез арада хабарлауды ескертеді.

Алаяқтар сотты болды
Фото Шымкент әкімі баспасөз қызметінің фэйсбуктегі аккаунтынан алынды

Жыл басынан бері алаяқтық қылмыстары бойынша төмендегідей тұлғалар сотты болған:

1. М.Темірәліге қатысты ҚР ҚК-нің 190 бабы 3-бөлігі 2-тармағымен қозғалған барлығы ауыр санатына жататын қылмыстық істер тергеліп, айыптау актісімен сотқа жолданып, Еңбекші аудандық сотымен М.Темірәлі 4 жыл 6 айға сотты болған. Ол Шымкенттің 121 тұрғынының сеніміне кіріп, «Күзет агенттігіне» жұмысқа кірігізіп беремін деп ірі мөлшерде ақшаларын заңсыз иемденіп кеткен. Жалпы шығын 2 400 000 теңгені құрайды.

2. О.Әбдікәрімов көп балалы ана және мүгедектік бойынша мемлекеттік бағдарламасына сай пәтер алып беремін деп, 15 азаматтан үлкен сомадағы ақшасын иемденіп кеткен. Жалпы шығын 3 900 000 теңгені құраған. Әл Фараби аудандық сотының үкімімен О.Әбдікерімовке 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

3. Н.Естаев азаматтарға өсіммен қарызға ақша өсіммен беріп, борышкерлердің үйлерін кепіл ретінде қойып жатсындар деп, өзінің меншігіне сату-сатып алу келісім-шартын жасап, үйлерді заңсыз иемденген. Іс 26 жайт бойынша айыптау актісімен сотқа жолданған. Жалпы шығын 7 300 000 теңгені құраған. Әл Фараби аудандық сотының үкімімен Н.Естаевқа 4 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

4. Т.Ижанов пәтер алып беремін деп алаяқтық жасаған. Іс 32 жайт бойынша айыптау актісімен сотқа жолданған. Жалпы шығын 9150000 теңгені құраған. Әл Фараби аудандық сотының үкімімен Т.Ижановқа 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

5. Г.Кадирова жедел жәрдем станциясына жұмысқа кіргізіп беремін деп алаяқтық жасаған. 29 жайт бойынша айыптау актісімен сотқа жолданған істе алпы шығын 4150000 теңгені құрап отыр. Әл Фараби аудандық сотының үкімімен Г.Кадироваға 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

6. З.Малдыбаева жұмысқа кіргізіп беремін, несие алып беремін деп алаяқтық жасаған. 27 жайт бойынша айыптау актісімен сотқа жолданған. Әл Фараби аудандық сотының үкімімен З.Малдыбаеваға 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Жалпы шығын 2 620 000 теңгені құраған.

7. Т.Жанысбеков тендер ұтып беремін алаяқтық жасаған. 6 жайт бойынша айыптау актісімен сотқа жолданған. Жалпы шығын 5 136 000 теңгені құраған. Әл Фараби аудандық сотының үкімімен Т.Жанысбековке 6 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

8. Г.Калимбетова пәтер алып беремін деп алаяқтық жасаған. 23 жайт бойынша айыптау актісімен сотқа жолданған. Жалпы шығын 7 505 000 теңгені құраған. Әл Фараби аудандық сотының үкімімен Г.Калимбетоваға 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

9. А.Серікбаева үйдің жалған құжаттарын жасап, кепілге қойған. 13 жайт бойынша айыптау актісімен сотқа жолданған. Жалпы шығын 4 370 000 теңгені құраған. Әл Фараби аудандық сотының үкімімен А.Серікбаеваға 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

10. А.Жорабекова алтын бұйымдарын сатып беремін деп алып, өзінің қажеттілігіне жаратқан. 12 жайт бойынша айыптау актісімен сотқа жолданған. Жалпы шығын 3 295 000 теңгені құраған. Әл Фараби аудандық сотының үкімімен А.Жорабековаға 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Осыған мағыналас бірнеше эпизодты алаяқтық қылмыстарымен М.Асанбай, Қ.Буртебаев, А.Али, С.Бекбосынова, Л.Жакипбаева, Р.Сламова, А.Абдуллаев және т.б. тұлғалар сотқа айыптау актісімен жолданып, түрлі жазалар тағайындалған.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz