Арысқа адам ағып кетті

416
Арысқа адам ағып кетті

Отырар ауданы аумағында Арыс өзеніне ер кісі ағып кетті. Суыт хабар 112 нөміріндегі кезекшіге күндізгі сағат 15:33-те түскен.

Қоңырау шалғандар қайғылы жағдайдың Талапты ауыл округіндегі Шытты ауылында болғанын хабарлап, 43 жастағы ер кісінің шомылып жүргенде тұншығып қалғанын айтады.

Арысқа адам ағып кетті

 — Сағат 15:45-те көрсетілген мекенжайға төрт адамнан тұратын құтқару тобы аттанды,- дейді ОҚО ТЖД апатты құтқару жасағының ресми өкілі Павел Вишенин. — Сағат 18:05-те оқиға орнына келген сүңгуірлер іздеуге дереу кіріседі. Арада 40 минут өткенде марқұмның денесі судан шығарылып, туыстарына берілді.

Осы орайда құтқарушылар суға шомылғанда абай болып, ережелерді қатаң сақтауға кезекті рет шақырады.