//
Асарлықтар жылыжай егеді Жаңалықтар 

Асарлықтар жылыжай егеді

Назира Қалдыбаева – шаруашылыққа бет бұрған жандардың бірі. Шағын болса да 3 соттық жерге жылыжай құрып, қызанақ өсіріп отыр. Асар шағынауданындағы шаруашылық тегін үлестірген көшеттерді зейнеткер ерте көктемде еккен. Күні-түні тынбай күтіп-баптаған шаруа мол өнім жинап, еткен еңбегінің жемісін көріп отыр.

Асарлықтар жылыжай егеді

Назира Қалдыбаева, Асар шағынауданының тұрғыны: “Бір маусымда, мысалы, осы жерден 3-4 тонна өнім алсам деп күтіп едім. Қазір, осы уақытқа дейін 10 тонна қызанақ жиып қойдым.”

Өзбекстаннан қоныс аударған Қалдыбаевтар отбасы жылыжай шарушылығында мол тәжірибесі бар. Сондықтан болар, егінге лап берген зиянкестерден дін аман.

Ал Жанәділ Байзақұлы – екінші топтағы мүгедек, көкөністі биыл кеш еккенін айтады. Соның салдарынан өнімді де кеш жинайды. Маусым айында ашық жерде отырғызылған қызнақтар пісе бастағанда менің өнімімнің құны арзандап кетеді деп ашынады диқан.

Жанаділ Байзақұлы, Асар шағынауданының тұрғыны: “Пленкам жыртылып, қыс суық болады деп кеш отырғызған едім, міне, енді шығынға батудамын.”

Асар шағынауданы тұрғындарының басым бөлігі баспана несиесін осы жылыжайлардан тапқан табысынан жабады. Сондықтан олар жыл бойы тынбай еңбектенеді.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz