Бизнес қауымдастығы маман тапшылығын оқу орындарымен бірлесіп шешпек. Бұдан бұлай қос тарап еңбек нарығында қажетті кадрлерге сараптама жасап шығады.
Кәсіпкерлікті түлетуге қолбайлау болып отырған бұл түйткіл қазір қып-қызыл шығын әкелуде. Себебі, зәру мамандарды бизнесмендер шетелдерден арнайы алдыртады.
Сондай-ақ, бизнес өкілдері мен оқу орындары тың технологияларды іске асыруда да күш біріктіретін болады. Жаңа жобаларды ойлап тапқан ғалымдардың еңбегі енді мемлекет тарапынан қаржыландырылмақ. Тиімді идеялар өндірісте қолданысқа еніп, дуальді оқыту жүйесі де жаңаша жүзеге асатын болады. Бұл да өз кезегінде маман тапшылығын шешіп, заманауи технолоияларды қолдануға жол ашады.
Кадр жетіспеушілігін сезіп отырған саланың бірі — құрылыс. Қазір мұнда жобалау жұмыстарын іске асыратын маман тапшы. Білікті инжинерлер мен технологтар да қолды байлайды. Жауаптылар бұл салаларда жастардың қарасы аз дейді.
Кәсіпкерлік палатасы жуырда өңіріміздегі әртүрлі саладағы биздес өкілдерімен бірлесіп, қажетті 2000 жуық маман тізімін жасап шықты. Қазір еңбек нарығында зәру бұл кадрлерді даярлау үшін министрлікке ұсыныс жасалмақ.