ОҚО дзюдошылары Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанды. Сарыағаш ауданында 17-19 маусым аралығында дзюдодан 2001-2002 жылғы жасөспірімдер арасында ел чемпионаты өтті.
Аудандар арасында алғаш рет ұйымдастырып, Сарыағашта өткен жарысқа Астана, Алматы, Қызылорда, Қостанай, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Петропавл және өзге де қалалардан жас спортшылар қатысты. Чемпионаттың ашылу салтанатына аудан әкімі Б.Парманов, мемлекеттік аға жаттықтырушы Е.Байжұманов, ҚР дзюдо федерациясының референт-директоры М.Нұртазин қатысты.
Жарыстың қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте І орынды Оңтүстік Қазақстан облысы, ІІ орынды Алматы облысы, ІІІ орынды Алматы қаласы иеленді.
Ал салмақ дәрежелері бойынша 46 келіде күрескен сарыағаштық жерлесіміз Шерзод Дәулетов чемпион атанды. Шерзод бұған дейін де түрлі халықаралық жарыстардан жүлделер алып үлгерген болатын.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі