Оңтүстікте шағын қаржы ұйымы 4000-ға жуық жобаға қаржы бөлген

321

Оңтүстікте шағын қаржы ұйымы 4000-ға жуық жобаға қаржы бөлген. Бұл туралы «Ырыс» микроқаржы ұйымының өкілдері журналистерге ұйымдастырған пресс-турда хабарлады. Іс-шара кезінде БАҚ өкілдері аталған серіктестік қаржыландырған шаруа қожалықтарын аралады.

Оңтүстікте шағын қаржы ұйымы 4000-ға жуық жобаға қаржы бөлгенЕң алдымен тілшілер тобы Ордабасы ауданындағы өндірістік кооперативінде болып, шаруа қожалығы иесінің соңғы үш жылдан бері өз жобаларын микро қаржыландыру ұйымы арқылы жүзеге асырып жатқанына куә болды. Биыл шаруа өз қожалығына шитті мақта егу үшін 2,8 млн теңге несие алып, келер жылы 90-100 тонна өнім алуды көздеп отыр.

Бұдан соң жұмыс тобы Шұбарсу ауылындағы «Кәусар-Әли» мектепке дейінгі мекемесінде болды. Балабақша микро қаржы ұйымынан 7 млн теңге алып, оған жылыту қазандығы мен жиһаз, ыдыс-аяқ және төсек орын алған. 150 балаға шақталған мекемеде 30 адам жұмыспен қамтылған.

Журналистер назарына ұсынылған соңғы нысан «Пірімқұлов Ш.» жылыжай шаруашылығы болды. Кәсіпкерге бөлінген тиісті қаржының көмегімен шаруа мұнда аумағы 1,2 га болатын жылыжай салды. Бұл, өз кезегінде, жылыжайдан жылына 150 тонна қызанақ пен 100 қияр алуға мүмкіндік береді. Аталған өнімдер еліміздің солтүстік өңірлеріне жіберіліп, ондағы көкөністер бағасының тұрақтануына себеп болады.

Айта кету керек, «Ырыс» ұйымы 2009-2015 жылдар аралығында өсімдік шаруашылығы саласында құны 3 660 млн теңге болатын 4 мыңнан астам жобаны қаржыландырған. Ал осы жылы «Аграрлы несие корпорациясы» ұсынған несие желісінің 3 млрд теңге ақшаға микро қаржы ұйымы 768 жобаны (құны – 1,3 млрд.) қаржыландырған.