Оңтүстікте төрт түлек 125 балл жинады

373

ОҚО-ның  төрт түлегі ҰБТ-да 125 балл жинады. 5 күн ішінде мемлекеттік сынақта 2163 бітіруші тест тапсырып, өңірдің орташа көрсеткіші – 79,01 балды көрсетті. Үздік төрт оқушының екеуі Ордабасы ауданының шәкірті болса, тағы екеуі Шымкентегі екі мекептің түлегі.

Үздік төрттіктің көшін бастап тұрған Абылай Еркінұлы Х.Дулати атындағы №8 мектеп-гимназиясында білім алған. Қуанышты хабарды мұғалімдері алғаш болып жеткізген. 6 мен 11 сынып аралығындағы бүкіл оқулықтарды бастан-аяқ қайталап, қажеттісін жаттап, миын әбден жаттықтырған бозбаланың сенімі алдамады. «Алтын белгі» иегерінің ендігі арманы — прокурор атану.

Барлық сұраққа кідірмей жауап беріп, ең жоғары балл жинағандардың бірі Ерасыл Балтабай. Ол өз білім ордасында мұндай көрсеткішке қол жеткізген алғашқы түлек. Болашақта бағдарламашы мамандығына түсуді көздеген түлек жоғары оқу орнын әлі таңдап үлгермепті.

Ұлттық бырыңғай тестілеу елімізде 9 маусымға дейін жалғасады. 5 күн бойы кезең-кезеңімен мемлекеттік тест тапсырғандардың ішінде 344 түлек «Алтын белгісін» ақтап шықты. Тағы 9 оқушы 124 бал жинаса, 120 балды 68 түлек бағындырған. Ал, сыннан сүрініп, шекті балды жинай алмаған оқушылардың саны 476 құрап отыр.