Оңтүстіктің алты түлегі 125 балл жинады

345
Оңтүстіктің алты түлегі 125 балл жинады

8 маусым — ұлттық бірыңғай тестілеудің соңғы күні. Шымкеттегі Мардан Сапарбаев атындағы гуманитарлық институттың ғимаратында 606 түлек мемлекеттік сынақ тапсырды. Ал облыс бойынша Сарыағаш, Мақтаарал аудандарында 1 237 оқушы 11 жыл алған білімін дәлелдеп шықты.

Оңтүстіктің алты түлегі 125 балл жинады

Сынақ нәтижесі testcenter.kz сайтында жарияланады. Ал кешегі өткен сынақта тағы екі түлек 125 балл жинап, Оңтүстіктегі озат оқушылардың санын алтыға жеткізді. Айта өтейік, Қазақстанда 19 түлек 125 балл жинады, оның алтауы — Оңтүстікте.

Осы тұста айта өтетін жайт, Мақтааралдағы Бауыржан Момышұлы мектебінің 40 оқушысы Алтын белгі иегері атанды. Бір білім ошағынан Алтын белгіге үміткер 57 түлектің 40-ы ҰБТ-да өздерінің үздік екенін дәлелдеп шыққан. Сөйтіп, бұл мектептегі бітіруші түлектердің ҰБТ-дағы орташа балы 114-ке жетіпті. Бұл білім ордасы соңғы үш жылдан бері ұлттық бірыңғай тестілеуден топ жарып келеді.