Сайрам тұрғыны жалған кәсіпкерлікпен айналысқан

405

09Заңсыз кәсіппен айналысып келген Сайрам ауданының азаматы ұсталды. Қарабұлақ ауылының тұрғыны өз үйінен қолдан жасалған құрылғылармен қант жасап шығарып отырған.

Мәлім болғандай, тексеру барысында жалған кәсіпкердің үйінен 900 қап құмшекер, 160 қап қант, 3 станок табылды. Жалған өндіріс орнында санитария ережелері де сақталмаған.

Айта кету керек, жалған кәсіпкерлік заңсыз қаржыны қолма-қол ақшаға айналдыру мен салық төлеуден жалтарудың маңызды құралдарының бірі болып отыр. Қазір заңсыз кәсіппен айналысқан ауыл тұрғынына қатысты іс қозғалды.

Гүлжан Байназарова