Сарыағаш ауданында нан зауыты ашылды

910

нанӨңір басшысы Сарыағаш ауданында ашылған нан зауытының ашылу салтанатына қатысты. Онда күніне 50 мың дана бөлке пісіріледі. Одан бөлек батон нандар мен 30 түрлі кондитерлік өнімдер дайындалады. Аудандағы алғашқы нан зауыты ас атасының нарқын төмендету үшін қолға анлынып отыр.

Игі жобаны қолған алған кәсіпкерлер зауытқа 300 млн. теңгенің қаражатын жұмсағанын айтады. Алайда, күн санап сұраныстың артып отырғанын ескерген іскерлер бұл шығынды қатйраып, көл-көсір пайдаға кенелетін күн де алыс емес деп құлшынып отыр.Заманауи талапқа сай бой көтерген жаңа нысанда әзірге 2 ауысымда 30 шақты жұмысшы істеп жатыр. Алдағы уақытта тапсырыс көлемі артып, жұмысшылар қатары да көбейе түспек.

Пісіріліген дайын өнімдер ып-ыстық күйде ең алдымен аудандағы демалыс орындарына, әскери бөлімдер мен балабақшаларға жөнелтіледі.Зауыт басшылары қазір Жетісай қаласынан тапсырыстар қабылдап жатырмыз дейді. Алдағы уақытта кәсіпкерлер өңіріміздің өзге де аудандарын нан өнімдерімен қамтитын боламыз деп отыр