«Серпін» бағдарламасы оқуға шақырады

937

«Серпін» бағдарламасы талапкерлерді Қазақстанның солтүстік өңірлерінде оқуға шақырады. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың Фэйсбуктегі аккауты хабарлайды.

«Құрметті ата-аналар, қымбатты бітіруші түлектер! «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша биыл жоғарғы оқу орындарына шамамен 3162 грант, ал колледждерге 1050 грант бөлінеді.

Егер «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша еліміздің солтүстік аймақтарында оқу мүмкіндігіне ие болғыңыз келсе, егер солтүстіктің оқу орындарында жеңілдікпен білім грантын иеленгіңіз келсе, www.serpin-2050.kz және www.serpin.kz сайттарынан көруге болады.

Айта кету керек, екі жылдың ішінде 8000 мыңнан астам жастар арнайы «Серпін» грант иегері атанып, еліміздің 10 өңірінде білім алуда» делінген хабарламада.