Шымкентке Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің шекара қызметі басшылары келді. Алты бірдей елдің өкілдері өзара қауіпсіздік турасындағы мәселені талқылады.
Жиынға Қазақстанның ұлттық қауіпсізідк комитеті төрағасының орынбасары, шекара қызметінің директоры, генерал-майор Дархан Ділманов төрағалық етті. Басқосу барысында 4 мәселе көтерілді. Ұйымға мүше елдердің ақпарат алмасуы, қауіпсіздікті арттыру жоспары, шекаралық операциялар жүргізуге дайындық жағдайлары талқы таразысына түсті. Сонымен қатар «Бірлік-2016» шекаралық опрециясының берлесіп жүргізілу жайы пысықталды.