Шымкентте 1,5 гектар жерге есірткі еккен екі ер кісі ұсталды. Абай ауданының екі тұрғыны Ынтымақ-2 шағынауданында асқабақ дақылының арасында көкнәрды жасырын өсірген.
Тәртіп сақшыларының тексеруі барысында бақшадан 576 түп, салмағы 101 келіге жуық марихуана табылған. Қазір аталған факті бойынша қылмысты іс қозғалды.
Егер кінәлері дәлелденсе, құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді заңсыз өсіргендері үшін күдіктілер 3 жылдан 8 дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
Гүлжан Байназарова