Шымкент қаласында тәртіп сақшылары жергілікті тұрғынның қоймасынан 1,5 келі есірткі затын тапты. ОҚО ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қала тұрғынына тиесілі гаражға тінту жүргізеді.
Соның нәтижесінде 32 жастағы жігіттің қоймасынан 20 сіріңке қорабы және 2 полиэтилен түйіншекке салынған өсімдік тектес есірткі затын тәркіленді. Сот-криминалдық сараптамасына сай тәркіленген заттың марихуана және гашиш екені анықталды, жалпы салмағы 1,5 келіні құрайды.
Аталған жайт бойынша қылмысты кодекстің 297-бабымен (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) қылмысты іс қозғалды. Күдікті қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.