Шымкентте бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтуде

501

Шымкентте үш мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азамат жұмысқа орналасуы мүмкін. Бұл жөнінде бүгін бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырған Шымкент қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының басшылығы мәлімдеді.

Мекеме мамандарының айтуынша, жәрмеңкеге қала аумағында орналасқан 546 кәсіпорын қатысып отыр. Ал орталық саябақта өрбіген игі шараға таңсәріден жұмыс сұрап жүгінген жарымжан жандардың қарасы қалың. Басым бөлігі ІІ және ІІІ топтың мүгедектері.