Шымкентте жалдамалы пәтер иелері полицейлермен жағаласып қалды

427
Шымкентте жалдамалы пәтер иелері полицейлермен жағаласып қалды

Шымкентте қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Әсіресе, жалдамалы пәтер беретіндермен күрес басталды.

Осыған орай үй иелерінің заңсыз әрекеттерін бақылауға алған тәртіп сақшылары кезекті рет рейдке шықты. Қаланың қақ ортасында заңсыз кәсібін дөңгелеткендер көп қабатты үй тұрғындарының тынышын бұзған. Осы жолғы рейд барысында пәтерін заңсыз жалға беретін азаматты құзырлы орган өкілдері жауапқа тарта бергені сол еді, оның ұлы дөрекелік танытып, жұдырықтаса жөнелді.

Шымкентте жалдамалы пәтер иелері полицейлермен жағаласып қалды

Тәртіпке бағынбаған жігітке бір полицейдің шамасы жетпеді. Жағаласудың соңында бір топ қызметкерлер жігітті қоршауға алды. Соның өзінде ол қарсылық танытып, кінәсін мойындағысы келмеді.

Шымкентте жалдамалы пәтер иелері полицейлермен жағаласып қалды

Құзырлы орган өкілдері рейд жұмыстарын қаладағы Жангелдин және Айбергенов көшелерінде жүргізді. Өйткені мұнда жалдамалы пәтер иелері күнделікті жолға шығып, саудаларын қыздырып тұрады. Үй иелерінің бұл әрекеті жергілікті тұрғындардың тыныштығын бұзған. Күнделікті айқай шу мен жеңіл жүрісті қыздардың қылығына тосқауыл қоя алмаған тұрғындар тыныштығын бұзғандарды жазалауды сұранып, талай есікті қаққандарын айтады.

Шымкентте жалдамалы пәтер иелері полицейлермен жағаласып қалды

Шымкентте пәтерін сағаттап, тәуліктеп жалға беретіндер көп. Құзырлы орган өкілдері жүргізген рейд жұмыстарынан шығар нәтиже де шамалы. Сондықтан болар, нақты саны әлі күнге дейін анықталмаған.

Лаура Мамырова