Шымкент қаласының полицейлері із-түссіз жоғалған 14 жасар мектеп оқушысы Лилия Ахметованы тапты.
Жасөспірімді іздеуге ОҚО ІІД-нің барлық жеке құрамына бағыттама берілді. Белгілі болғандай, жоғалған қыз бұған дейін бірнеше рет үйінен кетіп қалып жүрген екен.
Сонымен, 21 маусым күні кешке криминалды полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шарасы барысында 14 жасар Лилия Шымкенттегі танысының үйінен тапты. Жеткіншектің дені сау, денсаулығына ешбір қауіп төнбеген.
Тәртіп сақшылары қажетті шараларды жүргізген соң қызды ата-анасына тапсырды. Қазіргі таңда полицейлер оқиғаның орын алу барысын анықтауда. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.