Шымкенттегі №34 мектептің құрылысы тоқтап қалды

268

Бүгін белгілі болғандай, Шымкент қаласындағы №34 мектептегі қосымша нысан құрылысы тоқтап қалған. Құрылысқа тапсырыс берушілердің мәлімдеуінше, мердігер мекеме белгісіз себептермен мамыр айында құрылысты өз бетінше тастап кетіпті.

Нәтижесінде қалалық құрылыс бөлімі мен мердігер «Астана Авто строй» мекемесінің арасындағы келісім-шарт бұзылған. Мектеп құрылысына 600 млн теңге қаралған, жауапсыз мердігерлер сол қаражаттың 200 млн теңгеден астамын алып үлгеріпті.

Енді жергілікті биліктегілер қайта тендер өткізбек, ол дегеніміз №34 мектептегі қосымша нысанның құрылысы созылады. Яғни, келер жылы да балаларының өзге мектепке қатынайтынын естіген ата-аналар наразылығын білдіріп отыр.