Ұлттық Бірыңғай тестілеуге мектеп бағдарламасында өтпеген тақырыптар енгізілген. Бұл турасында, күні кеше алғаш сынақ тапсырған түлектер айтып берді. Олар тестілеу қортындысына күмән келтіргендіктен аппеляциялық шағым келтірген. Ал, ақылы түрде қайта тапсыру қысыл таяң кезеңде көмектеспейді деп ашынады. Себебі, шектік балдан асқандарға бұл өзгеріс қол емес. Шамданған шәкірттердің шағымына қатысты апеллациялық комиссия мүшелері тіс жармай қойды.
Абзал Бұхарбай, бітіруші түлек: «Маған келген кейбір сұрақтар мектептегі кітаптарда жоқ. Бұл сұрақтың жауабын интернетте отырып таптым. Байтұрсыновтың Ленинге жазған хатын таптым. Менің кешегі жауабым дұрыс шықты. Бірақ, мектепте оқымаған сұрақтың жауабын ойша жауап бердім».