Улы химикат ішкен бүлдіршіннің жағдайы ауыр

326

Оңтүстікте улы химикаттан күйік шалған екі жасар бүлдіршінің жағдайы ауыр. Бір аптадан бері жергілікті дәрігерлер науқас баланың өмірімен арпаласуда.

Оның халі медициналық бақылауға алынғанымен, мамандардың сөзінше, балғын мүгедек болып қалуы мүмкін. Өйткені улы химикат науқастың денесіне әбден сіңіп кеткен. Ол үйінде абайсызда қазан тазалайтын сұйықтық ішіп қойыпты. Соның салдарынан улы зат жас баланың ішкі ағзасын күйдіріп жіберген. Айта кетейік, өңірде мұндай оқыс оқиғалар ата-аналардың салғырттығынан көп тіркеледі.

vlcsnap-2016-06-21-18h27m42s122

Гүлжан Пазылханқызы, дәрігер-токсиколог: «Қазір екі жасар балаға медициналық көмек көрсетіп жатырмыз. Жағдайы ауыр. Науқас бала медициналық емді кемінде алты ай алуы тиіс. Өйткені улы зат баланың ішкі ағзасын күйдіріп жіберген. Мұндай оқыс оқиғалар көбейіп кетті. Ата-аналарға айтарымыз — баланы көзден таса қылмасаңыздар екен. Өйткені мұндай жағдайдың басым бөлігінде ата-аналардың салғырттығы себеп.»