Алкоголь сатуға лицензиясы жоқ кәсіпкердің жұмысы тоқтатылады

334

Облыста алкогольді өнімдерді сататын 2000-нан аса кәсіпкер тіркеуге алынған. Өз кәсібін жалғастыру үшін олар жыл сайын 30 және 100 АЕК көлемінде салық төлеуі тиіс. Былтыр салық төлеудің мерзімі 20 ақпанға дейін болса, биыл 20 шілдеде аяқталады.

vlcsnap-2016-07-14-20h01m48s157

Жыл басынан бері спиртті өнімді сату үшін өңірде 1307 кәсіпкер ғана лицензия алған. Әлі мыңнан аса салық төлеуі тиіс азамат тіркеуде тұр. Сала мамандарының сөзінше, облыста 345 кәсіпкер мемлекеттік төлемнен бас тартып, лицензияларын кері қайтарып берген.

Бір сөзбен айтқанда, салық төлеуге қаражаты жеткіліксіз. Салықтан бас тартқан кәсіпкерлер басты бақылауда болады. Айта кетейік, 2015 жылы тиісті төлемнен бас тартқан 150 азаматқа үш жүз мың теңге көлемінде айыппұл салынған. Ал 20 шілдеге дейін сауда орындарының басшылары алкогольді өнімді сату үшін міндетті түрде лицензия алуы тиіс.