Шымкенттіктер қаланы 50 метрлік биіктіктен тамашалайтын күн жақын. Тамыз айында ашылатын саябаққа орнатылған алып аттриакцион ТМД-дағы биіктігі жоғары үшінші дөңгелек шеңбер. Ал Азиядағы ең үлкен ойын элементіне жатады.
Дөңгелек шеңбердің биіктігі — 50 метр. 18 жабық кабинамен жабдықталған атракционға 108 адам сияды. Әрбір кабинаға қыста жылу, ал жазғы күндері салқындататын арнайы желдеткіш орнатылған. Сондай-ақ, қозғалыс кезінде аудио-экскурсия, хабарландыру трансляциясы жұмыс жасайды. Атракцион 15 минут айналады. Жылдың төрт мезгілінде жұмыс істейтін аттракцион тамыз айының басында ашылады деп жоспарлануда.
Асқан Жанбаев, «Нұрғажайып» ЖШСң директоры: «Шымкент Қазақстан бойынша басқа қалаларға қарағанда арзан қала болып саналатындықтан, атракционның бағасы халықтың қалтасына сай болады.»
Алып әткеншектен бөлек бұл саябақта 15 түрлі ойын элементі де бар. Ойын-сауық құралдары бұрынғы «Тұлпар», қазіргі » Жайлау көл» демалыс аймағында орналасқан. Естеріңізде болса, мұндай атракцион бұрын 30 жыл бойы Абай саябағында қала тұрғындарын қуантып келген еді.
Гүлжан Байназарова